Неуробекс в таблетках — инструкция по применению

Инструкция по применению неуробекса в таблетках, описание действия препарата, показания к применению таблеток неуробекса, взаимодействие с другими лекарствами, применение неуробекса (таблетки) при беременности. Инструкции: Неуробекс в капсулах;
Торговое название: Неуробекс®
Международное название: Нет
Лекарственная форма: Таблетки, покрытые оболочкой
Показания к применению:
Атс классификация:
A Средства, влияющие на пищеварительную систему и метаболизм
A11 Витамины
A11E Комплексы витаминов группы в, включая комбинации
A11E B Комплекс витаминов группы в с витамином с
Фарм. группа:
Комбинация витамина В1 с витаминами В6 и В12. Код АТХ А11DB
Условия хранения:
Хранить в сухом и защищенном от света месте, при температуре не выше 25 0С. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
2 года. Не применять после истечения срока годности, указанного на упаковке.
Условия продажи:
Без рецепта
Описание:
Таблетки, круглые, двояковыпуклые, покрытые оболочкой розового цвета.

Состав неуробекса в таблетках

Одна таблетка, покрытая оболочкой, содержит
Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

Активное вещество неуробекса

тиамина нитрат 15 мг, пиридоксина гидрохлорид 10 мг, цианокобаламин 0,02 мг
15 мг тиамин нитраты, 10 мг пиридоксин гидрохлориді, 0,02 мг цианокобаламин

Вспомогательные вещества в неуробексе

лактозы моногидрат, крахмал пшеничный, тальк, магния стеарат, кремния диоксид коллоидный, повидон, состав оболочки: целлюлозы ацетат фталат, сахароза, камедь аравийская, тальк, макрогол 6000, макрогол 400, глицерол, краситель Лак пунцовый 4R E124
лактоза моногидраты, бидай крахмалы, тальк, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, повидон. қабықтың құрамы: целлюлозаның ацетат фталаты, сахароза, арабиялық шайыр, тальк, макрогол 6000, макрогол 400, глицерол, қан қызыл бояғыш Лагы 4R Е124

Показания к применению таблеток неуробекса

В комплексном лечении следующих заболеваний и состояний:
  • астенический синдром, синдром хронической усталости
  • невриты, полиневриты, невралгии, полинейропатии (алкогольные, постинфекционные, токсические, диабетические)
  • состояния продолжительного выздоровления, хронический алкоголизм, интоксикации
  • недостаточность витаминов группы В (гиповитаминоз)
  • дерматит, экзема, угревая сыпь
Келесі ауруларды және жай күйлерді кешенді емдеу кезінде:
  • астениялық синдромда, созылмалы шаршағыштық синдромында,
  • невритте, полиневритте, невралгияда, полинейропатияларда (алкогольдік, жұқпадан кейінгі, уытты, диабеттік)
  • ұзақ сауығу жағдайында, созылмалы алкоголизмде, уыттануда
  • В тобы витаминдерінің жеткіліксіздігінде (гиповитаминозда)
  • дерматитте, экземада, безеулі бөртпелерде

Противопоказания неуробекса в таблетках

  • гиперчувствительность к компонентам препарата
  • острая тромбоэмболия
  • эритроз и эритремия
  • детский и подростковый возраст до 18 лет (исследования по безопасности и эффективности не проводились)
  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • жедел тромбоэмболия
  • эритроцитоз және эритремия
  • балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде зерттеулер жүргізілген жоқ)

Побочные действия таблеток неуробекса

  • тошнота
  • усиленное потоотделение
  • тахикардия
  • зуд, крапивница, одышка, анафилактический шок
  • тяжелая сенсорная невропатия
  • жүрек айнуы
  • қатты тершеңдік
  • тахикардия
  • қышыма, есекжем, ентігу, анафилактикалық шок
  • ауыр сенсорлы невропатия

Особые указания к применению

С особой осторожностью следует применять у больных с тяжелыми и острыми формами декомпенсированной сердечной недостаточности и стенокардии. Этот лекарственный препарат содержит в качестве вспомогательного вещества лактозу, что делает его неподходящим для пациентов с лактозной недостаточностью, галактоземией или глюкозным/галактозным синдромом мальабсорбции. Ввиду наличия в составе препарата пшеничного крахмала, его нельзя принимать больным с глютеновой энтеропатией.

Беременность и период лактации
Из-за отсутствия достаточных данных, во время беременности и в период лактации препарат рекомендуется принимать только при необходимости.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Препарат не оказывает влияния на способность управлять автомобилем и пользоваться техникой.
Қалпына келмейтін жүрек жеткіліксіздігі мен стенокардияның ауыр және жедел түрлерімен ауратын науқастар препаратты аса сақтықпен қабылдауы қажет. Осы дәрілік заттың құрамында қосымша зат ретінде лактоза болғандықтан лактоза жеткіліксіздігі бар, галактоземиясы немесе мальабсорбцияның глюкозалық/галактозалық синдромы бар науқастарға ұсынылмайды. Препараттың құрамына бидай крахмалы кіретіндіктен глютен энтеропатиясы бар науқастар қабылдамайды.

Жүктілік және лактация кезеңі
Мәліметтер жеткіліксіз болғандықтан жүктілік және лактация кезеңінде препаратты тек қажеттілік туса ғана қабылдайды.

Дәрілік заттың көлікті жүргізу немесе қауіпті механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Препарат көлік жүргізу және техникамен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Дозировка и способ применения

Взрослым назначают по 2-3 покрытые оболочкой таблетки 3-4 раза в сутки. Таблетки принимают во время или после еды, не разжевывая, запивая достаточным количеством жидкости. Курс лечения – 2-3 месяца.
Ересектерге тәулігіне 3-4 рет қабықпен қапталған 2-3 таблеткадан тағайындайды. Таблеткаларды тамақтану кезінде немесе тамақтанғаннан кейін шайнамай, жеткілікті сұйықтықпен қабылдайды. Емдеу курсы – 2-3 ай.

Взаимодействие с лекарствами

При одновременном применении Неуробекса® и леводопы отмечается снижение противопаркинсонической эффективности леводопы. При совместном применении с этанолом резко снижается абсорбция тиамина (уровень в крови может снизиться на 30%). Длительное лечение противосудорожными препаратами (фенобарбиталом, фенитоином, карбамазепином) в сочетании с Неуробексом® может привести к дефициту тиамина.

Высокие дозы витамина В6 противодействует действию изониазида и тиосемикарбазона, наряду с устранением сидеробластной анемии, индуцированной этими противотуберкулезными препаратами. Длительное применение пеницилламина может вызвать недостаточность витамина В6. Гидралазин и циклосерин также являются его антагонистами, и их совместное применение с витамином В6 уменьшает нежелательные неврологические эффекты этих препаратов. Количество витамина В6 уменьшается во время одновременного применения с пероральными противозачаточными средствами.

Абсорбция витамина В12 подавляется колхицином, этанолом и неомицином. Пероральные бигуанидные противодиабетические препараты и р-аминосалициловая кислота, а также хлорамфеникол и витамин С ухудшают абсорбцию этого витамина.
Неуробекс® пен леводопаны бірге қабылдағанда леводопаның паркинсонизмге қарсы әсерінің төмендеуі байқалады. Этанолмен бірге қабылдағанда тиаминнің сіңуі төмендейді (қандағы деңгейі 30%-ға азаюы мүмкін). Құрысуға қарсы препараттарды (фенобарбитал, фенитоин, карбамазепин) Неуробекспен® үйлестіріп ұзақ емделгенде тиаминнің тапшылығын туғызуы мүмкін.

В6 витаминінің жоғары дозасы осы туберкулезге қарсы препараттармен индуцирленген сидеробластты анемияны жоюмен қатар изониазидтің және тиосемикарбазонның әсеріне қарсы әсер етеді. Пеницилламинді ұзақ уақыт бойы қолдану В6 витаминінің жеткіліксіздігін туғызуы мүмкін. Гидралазин және циклосерин, сондай-ақ оның антагонисті болып табылады, оларды В6 витаминімен біріктіріп қолдану осы препараттардың жағымсыз неврологиялық әсерлерін азайтады. В6 витаминінің мөлшері ұрықтануға қарсы ішілетін дәрілермен бір мезгілде қолданғанда азаяды.

В12 витаминінің абсорбциясы колхицинмен, этанолмен және неомицинмен бәсеңдейді. Ішілетін бигуанидті диабетке қарсы препараттар және р-аминосалицил қышқылы, сондай-ақ хлорамфеникол және С витамині бұл витаминнің абсорбциясын нашарлатады.

Передозировка неуробексом в таблетках

Симптомы: нервное возбуждение, тахикардия, боли в области сердца.

Лечение
: промывание желудка, введение активированного угля, применение симптоматических средств. Изониазид является антидотом витамина В6.
Белгілері: жүйкелік қозу, тахикардия, жүрек тұсындағы ауыру сезімі.

Емі
: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмірді енгізу, симптоматикалық заттарды қолдану. Изониазид В6 витаминінің у қайтарғысы болып табылады.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Компоненты препарата являются водорастворимыми витаминами, что исключает возможность их кумуляции в организме. Витамины B1 и В6 абсорбируется в верхнем отделе кишечника и распределяется равномерно в организме. Степень абсорбции зависит от дозы. Абсорбция витамина В12 в большей степени определяется присутствием внутреннего фактора в желудке и верхнем отделе кишечника, в дальнейшем доставка витамина В12 в ткани осуществляется транспортным белком транскобаламином II. Витамин В1, В6 и В12 метаболизируются в печени. Витамин В1 и В6 выводятся почками (около 8-10% - в неизменном виде). При передозировке значительно увеличивается выведение тиамина и пиридоксина через кишечник. Витамин В12 выводится в основном с желчью, степень выведения почками вариабельна – от 6 до 30%.
Препараттың құрамдас бөліктері суда еритін витаминдер болғандықтан, организмде жинақталмайды. В1 және В6 витаминдері ішектің жоғары бөлімдерінде сіңеді және организмде біркелкі таралады. Сіңу дәрежесі дозаға байланысты. В12 витаминінің сіңуі асқазандағы және ішектің жоғарғы бөлігіндегі ішкі фактордың болуымен айқындалады, одан әрі қарай В12 витаминін тіндерге тасымалдауды транскобаламин ІІ тасымалдаушы ақуызы жүзеге асырады. В1, В6 және В12 витаминдері бауырда метаболизденеді. В1 және В6 витаминдері бүйрекпен (8-10% жуығы - өзгермеген түрде) шығарылады. Артық дозалағанда тиаминнің және пиридоксиннің ішек арқылы шығарылуы жоғарылайды. В12 витамині негізінен өтпен шығарылады, бүйрекпен шығу дәрежесі ауыспалы – 6-дан 30%-ға дейін.

Фармакодинамика

Комбинированный препарат, содержащий витамины группы В. Тиамин (витамин В1) в организме человека в результате процессов фосфорилирования превращается в кокарбоксилазу, которая является коферментом многих ферментных реакций. Тиамин играет важную роль в углеводном, белковом и жировом обмене. Активно участвует в процессах проведения нервного возбуждения в синапсах. Дефицит витамина В1 приводит к накоплению молочной и пировиноградной кислоты в результате чего возможно развитие полиневритов, болезни бери-бери, энцефалопатии Вернике и синдрома Корсакова, полиневропатии, нарушение сердечной деятельности, желудочно-кишечных поражений (язвенный колит, хронический понос).

Пиридоксин (витамин В6) необходим для нормального функционирования центральной и периферической нервной системы. В фосфорилированной форме является коферментом в метаболизме аминокислот (декарбоксилирование, переаминирование и др.) Выступает в качестве кофермента важнейших ферментов, действующих в нервных тканях. Участвует в биосинтезе нейромедиаторов: допамина, норадреналина, адреналина, серотонина, гистамина и гамма-аминобутировой кислоты. Дефицит витамина B6 возможен при недостаточном приеме с пищей, при нарушении всасывания в кишечнике, при приеме лекарств, которые являются его антагонистами, при лучевой терапии. Симптомы недостачи проявляются появлением подобных себорее поражений вокруг глаз, носа, глоссита, стоматита; периферического неврита, судорог (из-за низкой концентрации гамма-аминомасляной кислоты), очень редко анемия.

Цианокобаламин (витамин В12) необходим для нормального кроветворения и созревания эритроцитов, а так же участвует в ряде биохимических реакций, обеспечивающих жизнедеятельность организма – в переносе метильных групп, в синтезе нуклеиновых кислот, белка, в обмене аминокислот, углеводов, липидов.

Оказывает влияние на процессы в нервной системе (синтез РНК, ДНК, миелина и липидный состав цереброзидов и фосфолипидов). Коферментные формы цианокобаламина – метилкобаламин и аденозилкобаламин необходимы для репликации и роста клеток. Недостаточность витамина B12 проявляется симптомами со стороны гемопоэтической и нервной систем. Гемопоэз становится неэффективным, причем эритропоэз становится мегалобластным, а в тяжелых случаях развивается панцитопения. В нервной системе могут наступить необратимые повреждения - демиелинизация, гибель нейронов в спинном мозге и коре мозга, которая проявляется парестезиями конечностей, нестабильностью походки, нарушением некоторых рефлексов и в поздней стадии – психической спутанностью, галлюцинациями, быстрой переменой настроений, потерей памяти, зрения и даже психозом.
Құрамына В тобының витаминдері кіретін біріктірілген препарат. Тиамин (В1 витамині) адам организмінде фосфорлану үдерісінің нәтижесінде кокарбоксилазаға айналады, ол көптеген ферменттік реакциялардың коферменті болып табылады. Тиамин көмірсу, ақуыз және май алмасуында маңызды рөл атқарады. Ол синапстардағы жүйкелік қозуды өткізу үдерісіне белсенді қатысады. В1 витаминінің тапшылығы сүт және пирожүзім қышқылдарының жиналуына әкеледі, соның нәтижесінде полиневриттер, бери-бери ауруы, Вернике энцефалопатиясы және Корсаков синдромы, полиневропатиялар, жүрек қызметінің бұзылулары, асқазан-ішек зақымданулары (ойық жаралы колит, созылмалы іш өту) дамуы мүмкін.

Пиридоксин (В6 витамині) орталық және шеткергі жүйке жүйесінің қалыпты қызмет етуіне қажет. Фосфорланған түрде аминқышқылдардың метаболизмінде кофермент болып табылады (декарбоксилдену, переаминдену және т.б.). Жүйке жүйесінде әсер ететін маңызды ферменттердің коферменті ретінде болады. Нейромедиаторлардың: допамин, норадреналин, адреналин, серотонин, гистамин және гамма-аминобутир қышқылының биосинтезіне қатысады. Тамақпен жеткіліксіз мөлшерде қабылдағанда, ішекте сіңуі бұзылғанда, оның антагонистері болып табылатын дәрілерді қабылдағанда, сәулелік ем қабылдағанда В6 витаминінің тапшылығы дамуы мүмкін. Жеткіліксіздік белгілері көз бен мұрынның айналасында себорея тәрізді зақымданудың пайда болуымен, глосситпен, стоматитпен; шеткергі невритпен, құрысулармен (гамма-аминомай қышқылының концентрациясы төмен болғандықтан), өте сирек анемиялармен көрініс береді.

Цианокобаламин (В12 витамині) қалыпты қан түзілуі үшін және эритроциттердің пісіп жетілуі үшін қажет. Сонымен бірге ол организмнің тіршілігін қамтамасыз ететін бір қатар биохимиялық реакцияларға (метильді топтарды тасымалдауға, нуклеин қышқылдар мен ақуыздарының түзілуіне, аминқышқылдардың, көмірсулардың, липидтердің алмасуына) қатысады. Жүйке жүйесіндегі үдерістерге (РНҚ, ДНҚ, миелин синтезіне және цереброзидтер мен фосфолипидтердің липидтік құрамына) әсер етеді. Цианокобаламиннің коферменттік түрлері – метилкобаламин және аденозилкобаламин жасушалардың репликациясына және өсуіне қажет. В12 витаминінің тапшылығы гемопоэздық және жүйке жүйелері жағынан пайда болған белгілерімен көрініс береді.

Гемопоэз тиімсіз, оның үсіне эритропоэз мегалобласты болады, ал ауыр жағдайларда панцитопения дамиды. Жүйке жүйесінде қайтымсыз зақымдану демиелиндену, жұлын мен ми қыртысындағы нейрондардың өлуі басталуы мүмкін, олар аяқ-қолдардың парестезияларымен, жүріс-тұрыстың үйлесімсіздігімен, кейбір рефлекстердің бұзылуымен және кеш сатыда – психикалық шатасу, елестеулермен, көңіл-күйдің тез ауысуымен, естен айырылуымен, көрмей қалумен және психозбен көрініс береді.

Упаковка и форма выпуска

По 10 или 30 таблеток в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой или в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной/ поливинилиденхлоридной и фольги алюминиевой или в контурную ячейковую упаковку из ребристой пленки поливинилхлоридной/ поливинилиденхлоридной и фольги алюминиевой. По 3 контурных ячейковых упаковки по 10 таблеток или по 2 контурных ячейковых упаковки по 30 таблеток вместе с инструкцией по медицинскому применению на русском и государственном языках помещают в картонную пачку.
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты каптамаға немесе поливинилхлоридті/поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты каптамаға немесе қабырғалы поливинилхлоридті/поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты каптамаға 10 немесе 30 таблеткадан салынған. 10 таблеткадан 3 пішінді ұяшықты каптама немесе 30 таблеткадан 2 пішінді ұяшықты каптама мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.